Сонымен қатар, Hasanat Group компаниясының өндірістік әрекетінің тағы бір түрі – ағын суларды өздігінен ағыту мүмкіндігі болмаған жағдайларда алуан түрлі ағын суларды тасымалдауға арналған канализациялық сорғы станциялары болып келеді.

КСС модульдық жабдық болып табылады және зауыттық тұрғысынан толығымен дайын болып жеткізілетін блоктық агрегат ретінде толымдалады, сорғы жабдығын жұмыс жерінде орнатқаннан кейін онымен жұмыс істей бастауға болады.

Корпусының материалы – коррозияның және шірудің әсеріне ұшырамайтын арқауланған шыныпластик, осының арқасында корпустың коррозияға қарсы қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу қажеттілігі жоққа шығарылып, құрылыстардың ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. КСС «Grundfos», «Flygt», «KSB», «Wilo» компанияларының сорғыларымен жарақталады.

Орындалу нұсқалары:
- Батырмалы сорғылары және технологиялық павильоны болатын немесе болмайтын тік корпустағы КСС.
- Батырмалы сорғылары бар көлденең корпустағы КСС. Бастапқы деректерге қарай құрылымы ірі өлшемді сорғы жабдығын немесе қабылдауыш резервуардың қондырғысын орнату мүмкіндігін береді.
- Батырылмайтын өздігінен соратын немесе ортадан тепкіш сорғылары бар құрғақ орындалу нұсқасындағы КСС.
- Екі не одан да көп корпустары бар КСС. Схемасы ағын сулардың көлемі үлкен болған кезде қабылданады.

Біздің компаниямыз сіздердің қажетті деректеріңізге және ағын суларды жеткізудің қажетті шарттарына сүйеніп канализациялық сорғы станцияларын таңдауға дайын.