Hasanat Group» компаниясы ҚР аумағындағы КТҚ жасап шығару аясында отандық көшбасшы болып келеді. Кешенді тазарту құрылыстары – тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын суларды су қоймаларына шығармас бұрын олардың ішінде болатын лас заттарды тазартуға бағытталған функциялар кешенін атқаратын инженерлік құрылыстар болып табылады.

Тазарту процесі 4 кезеңге бөлінеді:
• Механикалық – бұл кезеңде биологиялық тұрғыдан тазарту процесіне дайындау мақсатында тазарту құрылыстарына келіп түсетін ағын суларды алдын-ала тазарту жұмыстары жүргізіледі. Осындай ерімейтін қоспалар ұсталып қалады. Қолданылатын құрылыстар: торлар, құм тұтқыштары, алғашқы тұнбалағыштар, сүзгілер.
• Биологиялық – бұл кезеңде белсенді лай немесе биоүлдір ретінде аталатын арнайы микроағзалардың көмегімен ағын сулардағы ластың еріген бөлігі тазартылады. Негізгі түрлері: белсенді лай, биосүзгілер, метантенкілер.
• Физикалық-химиялық – осында ағын сулары еріген қоспалардан, ал кейбір жағдайларда қалқымалы заттардан да тазартылады. Физикалық-химиялық тазартудың көптеген әдістері ағын сулардан қалқымалы заттардың тиянақты түрде алынып тасталуын қажет етеді, осы мақсатта коагуляция процесі кеңінен қолданылады.
• Ағын суларды дезинфекциялау. Жергілікті жердің бедеріне немесе су қоймаларына түсіруге арналған ағын суларын түпкілікті түрде зарарсыздандыру мақсатында ультракүлгін сәулелену қондырғыларын қолданады.

ҚР аумағында тазарту құрылыстарының сапалы өндірушісі қажет болса, бізге жүгініңіз! Біз өндіретін өнім барлық қажетті сертификаттарға, лицензияларға және рұқсаттарға ие болады, сондай-ақ, біз өз клиенттерімізге кепілдік беріп, сервистік қызмет көрсетіп отырамыз.